You are here

Жастар бірлестіктер

Версия для печатиPDF versionEPUB version

 

Жамбыл облысы ҚХА этномәдени бірлестіктері жастары туралы

Облыс Қазақстан халқы ассамблеясы облыс аумағындағы және қаладағы жалпы білім беретін мектептердегі оқушылармен, жоғарғы оқу орындары және колледж студенттерімен, этномәдени бірлестік жастарымен жұмыс жүргізуге үлкен мән беріп отырады.

 

Облыста ҚХА жанынан жастар лигасы құрылған.Оның құрамына этномәдени бірлестік белсенділері кіреді. Достық үйінде «Менің елім-Мәңгілік ел»: Каспиден Алтайға дейін Республикалық этнографиялық жастар экспедициясымен жастардың кездесуі өтті.Этномәдени бірлестік жастары «Қамқорлық» қайырымдылық акциясын өткізді. Қарттардың үйлеріне барып үй іргелік жерлерін тазалау, жөндеу, әктеу жұмыстарын жүргізіп көмек көрсетті. Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының қызметкерлері, ҚХА облыстық мүшелері, этномәдени бірлестік басшылары «Парасат», «Техника және Бизнес», Қазіргі заманғы гуманитарлық, Медициналық колледждерінің студенттерімен және этномәдени бірлестік жастарымен кездесулер өткізді. Жоғары оқу орындарында «Қазақстан-тірегіміз, Астана жүрегіміз», «Астана-болашақтың қаласы» патриоттық тақырыптарда дөңгелек үстелдер өтті. Облыс орта мектептерінде «Елімнің бас қаласы Астана!» «Астана-Қазақстанның жүрегі», «Астана-болашақтың қаласы» тақырыптарында оқырмандар конференциясы және сурет жәрмеңкесі, «Астана-балалар көзқарасымен», «Астана бейбітшілік қаласы», «Астана еліміздің айнасы» тақырыптарында балалардың асфальтқа сурет салу байқаулары ұйымдастырылды. Студенттік жастар Астана күніне «Менің жеңісім саған Астана» және Конституция күніне орай велошеруге қатысты. Жастар Ел басының Қазақстан халқының өмір сүру жайының жақсаруы, әлеуметтік даму бағыты жайындағы саясатын түсіндірумен айналысты. Облыста ҚХА ның қамқорлығымен «Бейбітшілік пен келісім жол картасы» шеңберінде Қазақстандық цирк- шапито «Евразия» ұжымы гастролдік сапары өтті. Цирк ұжымының «Астанаға құрметпен» қорытынды кезеңі бағдарламасында этномәдени бірлестік жастары цирк әртістерімен бірге сахнаға шығып, көріністер көрсетуге мүмкіндік алды.Ол көрініс Қазақстан халқының бірлігі мен келісімінің айғағын көрсетті.Облыстың сауықтыру лагерлерінде патриоттық әндер байқауының конкурсы, мерекелік кештер, спорттық және басқада мәдени көпшілік іс-шаралар өткізілді.

  

 

Көрші Қырғыз елінде этномәдени бірлестік  жастары белсенділерінің қатысуымен жиын өтті, жиынға 70 аса адам қатысты. Жамбыл облысымен шекаралас Қырғыз Республикасының Талас облысының аумағында «Достықта жоқ шекара» тақырыбында байқау өтті. Бағдарламаның ауқымдылығына қарамастан Қазақстан халқы ассамблеясының мүшелері Қырғызстан халқы ассамблеясының өкілдерімен, зиялы қауым, жастармен кездесу өткізді. «Әулие ата» қазақ этномәдени бірлестік өкілдері Қырғызстанда тұратын отандастарымызбен кездесті. Екі жақ ассамблеяның жұмысымен таныса отырып,отандастарымыздың өмір тіршілігімен олардың мәдениетіміздің даму барысы, жоғарғы және жалпы білім беретін мектептердегі оқу жүйелерінің жұмысымен танысты. Этномәдени бірлестік басшылары қоғамдық жұмыстарды атқаруда тәжірибе алмаса отырып, бір-біріне сый сиапат жасады. Облыстық этномәдени бірлестік жастарының көшбасшылары Қырғыз жастарымен рухани байланыста байқаулар ұйымдастырып, Қазақстан халқы ассамблеясының құрылу тарихы жайлы баяндады және 2015 жыл Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен ҚХА жылы деп жарияланғанын айтты. Қырғыз жастарына ҚХА іс-қимылы туралы жазылған жарнамалық анықтамалар таратты. Біздің облыс жастары Қырғыз Республикасы ұлттық спорттық жарыстарына қатысты. Ғылыми сараптамалық топ этносаралық бағытты зерттеу тақырыбында студенттердің ғылыми жұмыстары негізінде жинақ шығарды.

 

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 02 96

          + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15