You are here

Жамбыл облысында «Ақ орамал» акциясын қорытындыланды

31.08.2016, 09:40   562

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Бүгін Жамбыл облысының Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесі мен этномәдени бірлестіктерінің өкілдері «Ақ орамал» акциясын қорытындылады.

Іс-шараға ҚХА, аналар кеңесі мен этномәдени бірлестіктердің мүшелері, мемлекеттік мекемелер мен БАҚ өкілдері, жастар қауымы қатысты. 

Акция барысында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бейбіт бастамаларын қолдау мақсатында  облысымыздың Аналар кеңесі мен этномәдени бірлестіктерінің өкілдері бейбіт шеру ұйымдастырды. 

                   Облысымызда кең көлемде өтіп жатқан «Ақ орамал» республикалық акциясы үш бағытта жүріп өтті:

  • бірінші бағыт "Көне Тараз" ежелгі Тараз мұражайынан бастау алып, «Мәңгілік алау» мемориалына дейін жетті;
  • екінші бағыт Облыстық драма театрынан Халық Қаһарманы, полиция капитаны Ғазиз Байтасовтың ескерткішіне дейін созылды;
  • үшінші бағыт "Қоғамдық келісім" КММ ғимаратынан басталып, Саяси қуғын-сүргін құрбандары ескерткіштерінің  алдына барды.

Шеру соңында облыс жұртшылығы «Мәңгілік алау» мемориалына, батырлар мен саяси қуғын-сүргін құрбандарының ескерткіштеріне  гүл шоқтарын қойды.

Аталмыш  акция аясында Жамбыл облысы әкімі аппаратының "Қоғамдық келісім" КММ қалалық мәдениет үйінде "Біз ядролық қарусыз әлем үшін"  тақырыптық кеш ұйымдастырды. Іс-шара соңында  бұқаралық ақпарат құралдарынның өкілдерімен өткен  баспасөз-конференциясында бір айға созылған «Ақ орамал» акциясы қорытындыланды.   

Жамбыл облысы әкімі «Қоғамдық келісім»

КММ баспасөз-қызметі

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 02 96

          + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15