You are here

Жамбыл облысы әкімінің мемлекеттік грантын салтанатты түрде табыстауы.

22.12.2017, 17:40   249

Версия для печатиPDF versionEPUB version

2017 жылдың 21 желтоқсанында этномәдени бірлестіктерінің жылдық қорытындысы бойынша этномәдени бірлестік төрағаларына облыс әкімінің грантын салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті.

Іс-шараға ҚХА мүшелері, облыс әкімшілігінің, ҚХА хатшылығының, «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері, облыс этномәдени бірлестіктерінің және БАҚ өкілдері қатысты.Салтанатты іс-шараны облыс әкімі, Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясының төрағасы К.Көкрекбаев ашты: «2017 жыл қазақстандықтар үшін ерекше табысты жыл болды.

Астана төрінде әлемді өзіне қаратқан бірнеше ірі халықаралық іс-шаралар өтті.

Елбасы – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің озық үлгісін барша әлем мойындады. Елордамыз әлемде бейбітшілік орнату жолындағы келісім алаңы ретінде тағы да танылды.

Мемлекет Басшысының биылғы сапары барысында 80-нен астам этнос өкілі мекендейтін аймақтағы келісім мен бірлік жарасымы тағы да паш етілді»-деп барлық этномәдени бірлестіктердің қоғамдық жұмыстарына табыс тілеп, оларды марапаттау салтанатына көшті.

Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасының ел бірлігін нығайту, бейбітшілік пен келісімді сақтау және рухани мәдениетті дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық «Бірлік» алтын медалімен Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Төлепберген Мейрамбек Мылтықбайұлы және Шу ауданы «Насими» азербайжан этномәдени бірлестігінің жетекшісі Мухаметжанова Гульханум марапатталды.

Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан халқының бірлігін, қоғамдық келісім мен қазақстандық патриотизмді нығайтуға қосқан үлесі үшін Қазақстан халқы Ассамблеясының Құрмет грамотасымен  Меркі ауданы «Хазар» азербайжан этномәдени бірлестігінің жетекшісі Гульага Гудретович Джамалов, «Қарашай және балқарлардың – «Бірлік» республикалық қоғамдық бірлестігінің Жамбылдағы «Архыз» филиалы ақсақалдар кеңесінің төрағасы Назби Хаджимуратович Гочияев, «Днипро» украин этномәдени бірлестігі төрағасының орынбасары Василий Павлович Мазур марапатталды.

Қазақстан Республикасы Президентінің ел бірлігі мен қоғамдық келісімді нығайтуға, гуманистік мұраттарға дәйекті қызмет етіп, қоғамның рухани дамуына қосқан елеулі үлесі үшін Қазақстан халқы Ассамблеясының Алғыс хаты Қытай этномәдени бірлестігінің жетекшісі Воробьева Галина Юрьевнаға тапсырылды.

Сонымен қатар, облыс әкімі К.Көкрекбаев облысымыздың қоғамдық өмірінде белсенділік танытып, этносаралық келісімнің ңығаюы мен дамуына, қазақстандық патриотизмді тәрбиелеуде үлкен үлес қосқандары  үшін барлық этномәдени бірлестік жетекшілеріне салтанатты түрде қаржылай гранттар тапсырды.

Басшыларға грант ретінде табысталған барлық қаржы этномәдени бірлестіктерінің  ұлттық киімдерін жаңартуға, ұлттық музыкалық аспаптар және т.б. жабдықтар алуға бағытталады.

Дата события Ассамблеи: 

Жұма, 22 Желтоқсан, 2017

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15