You are here

Жамбыл облысы ҚХА медиаторлары құқықтық қызмет көрсету орталығында

21.12.2017, 19:32   282

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Мемлекет Басшысының тапсырмаларын орындау аясында халықтың құқықтық сауаттылығын жетілдіру мақсатында құқық қорғау орталығы мен Жамбыл облыстық ҚХА медиация кабинеті, ІІД, ХТЖ ІІД, облыстық адвокаттар алқасы, прокуратура, ҚС және АЕКД, әділет департаменті мен Жамбыл облысының ҚАЖД жұмыстарының арасында серіктестік және өзара қарым-қатынас мәселелері туралы меморандумға қол қойылды.

Тараз қаласында құқық қорғау қызметінің орталығы ашылды. Салтанатты іс-шараның ашылуына облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев, құқық қорғау және мемлекеттік органдарының басшылары, ҚХА медиаторлары, сондай-ақ прокуратура органдарының ардагерлері қатысты.

Аталған Орталықта азаматтарды тұрақты түрде қабылдау кабинеті ашылды. Мұнда қоғамдық келісім бойынша ҚХА медиаторлары азаматтарға арнайы ұйымдастырылған қолжетімді, тегін, әрі сапалы көмек көрсетеді. Медиация әлеуетін пайдалана отырып, құқықтық қызмет көрсету орталығы қаладағы «Медиация туралы» заңды насихаттау алаңшасы болмақ.

Дата события Ассамблеи: 

Бейсенбі, 21 Желтоқсан, 2017

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15