You are here

«Саған арналады, Астанам!» акциясы

07.07.2017, 15:05   285

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Тарихқа жазып есімін,

Түрленді көне Есілім.

Бойында өсіп бас қала,

Келеді жайнап Астана!

6 шілдеде Тараз қаласы Тұрар Рысқұлов атындағы орталық саябақта Елордамыз - Астана күніне арналған «Саған арналады, Астанам!» атты мерекелік акция өткізілді. Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы мен «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастырған іс-шараға өңірлік этномәдени бірлестіктердің белсенділері, «Ақ желкен» жастар лигасы және қала тұрғындары мен қонақтары қатысты.

Акция Жамбыл облысы әкімі аппараты «Қоғамдық келісім» КММ-нің «Үкілім» би тобы мен жастардан құралған көңілді флешмобтан басталды. Концерттік бағдарлама «Ахысқа» түрік этномәдени бірлестігінің Жамбыл облыстық филиалының қоғамдық бірлестігінің белсенді мүшесі Мамедалы Аббасов, облысымызға белгілі «Гунча» би ансамблі, немістер қоғамының дарынды әншісі, облыстық патриоттық әндер байқауының жеңімпазы Андрей Фирсов, «Поющие сердца» вокалдық ансамблі және «Манас ата» қырғыз этномәдени бірлестігінің жас өнерпаздарының өнер көрсетуін қамтыды. Бұдан бөлек, іс-шара қонақтарына Астана туралы викториналық сұрақтар қойылды.

Іс-шара соңында көне Тараз шаһарынан асқақ Астанаға сәлемімізді жолдау мақсатында Бәйтерек монументі бейнесіндегі шарларға тұрғындар жылы лебіздерін жазып, аспанға бірге ұшырды. Кез келген туған күн мерекесінің басты тағамына айналған торт та ұмыт қалған жоқ. Астана күнін бұл тәтті тағамсыз атап өту мүмкін емес еді. Сондықтан қала тұрғындары мен қонақтары бір үйдің баласындай бір дастархан басына жиылып, тәтті торттан дәм татты.

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15