You are here

«Рождество» мерекесі аталып өтті

09.01.2017, 12:19   507

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Бүгін Тараз қаласының төрінде орналасқан «Баласағұн» мәдениет сарайында Жамбыл облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы мен «Радонеж» орыстар қоғамы қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Рождество» мерекесіне арналған салтанатты іс-шара өтті. Мерекелік шараға Жамбыл облыстық Орыс драма театры, ложкари ансамблі, «Калинка» вокалдық тобы, №13 және «Інжу» мектептерінің оқушылары және т.б. қатысты.

Алғашқы құттықтау сөзді Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Ерқанат Манжуов алды. «Құрметті Жамбыл облысының тұрғындары, сіздерді бүгінгі «Рождество» мерекесімен құттықтаймын. Әр үйге және елімізге бейбітшілік тілеймін. Біздің Ұлы  даламыз қонақжайлығымен, толеранттылығымен пен тәуелсіздігімен ерекшелінеді. Біздің ата-бабамыз ешкімді ұлтына, нәсіліне және дініне бөлмеген. Әрине, болашақта да солай боларына сенеміз. Әрдайым этносаралық келісімді нығайтуға, достық пен бейбітшілікті,  ұлттық салт-дәстүрді сақтауға бағытталған іс-шараларды ұйымдастырып жүрген «Родонеж» орыстар қоғамы бірлестігіне алғыс айтамыз», - деді өз сөзінде Е.Манжуов.

***

Жалпы, Жамбыл облыстық «Радонеж» орыстар қоғамы қоғамдық бірлестік ретінде  2013 жылдың 3 мамырында тіркелді.  Этномәдени бірлестіктің ұйымдастырушысы,  әрі басшысы ретінде Чаутина Светлана Анатольевна бекітілген.

Қоғамдық бірлестік облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы ұйымдастырған өңірлік этносаралық келісімді нығайту, отансүйгіштікті насихаттау, мемлекеттік біртектілікті құруға бағытталған іс-шараларға белсенді түрде қатысады.

«Радонеж» орыстар қауымдастығы қоғамдық маңызы бар және мәдени іс-шараларды көптеп өткізеді. Іс-шаралардың барлығына ат салысатын, сондай-ақ бүгінгі мерекелік іс-шарада да өнер көрсеткен ложкари фольклор-этнографиялық ансамблі, орыс ұлттық аспаптар оркестрі, «Красная гвоздика» ардагерлер хоры, «Буратино» балалар бишілер ансамблі, Оңтүстік әскери округінің үрмелі оркестрі және «Калинка» ансамблі облыс тұрғындарының көзаймына айналған.

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 02 96

          + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15