You are here

ӨҢІРАРАЛЫҚ ТЕЛЕКӨПІР

13.06.2017, 09:33   120

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Астана қалалық әкімдігінде «Сыбайлас жемқорлықты жалпыға бірдей қабылдамау – бірлік және тұрақтылықтың кепілі» атты дөңгелек үстел өтті. Жиынды ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен Қазақстан халқы Ассамблеясы бірлесіп ұйымдастырды. Онлайн режимде өткен басқосуға еліміздің барлық облысымен қатар, Жамбыл облыстық этномәдени бірлестіктердің жетекшілері мен белсенді мүшелері, «Ақ желкен» жастар лигасы, «Қоғамдық келісім» КММ және өңірлік сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері  қатысты.

Дөңгелек үстелді ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орын­баса­ры ­­А­лик Шпек­баев жүргізді. Ол сыбайлас жемқорлықпен күресте жазалаудан бұрын, оған төзбейтін мәдениет қалыптастыру керек екенін ескертті. Бұл үшін бармақ басты, көз қысты әрекетпен қоғам болып жұмылып күресу қажет.

Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – ҚР Президенті Әкімшілігінің ҚХА хатшылығының меңгерушісі Дархан Мыңбайдың айтуынша, жемқорлық еліміздің дамуына кедергі келтіреді. Сондықтан да ол сыбайлас жемқорлықпен күресуде әрбір азамат белсенділік танытуы керек екенін атап өтті: «Сыбайлас жемқорлық елімізге келетін инвестициялық тартымдылықты бәсеңдететін келеңсіз құбылыс болып саналады. Сондай-ақ, жемқорлық әлеуметтік-экономикалық дамуды барынша тежеп, ұлттық қауіпсіздікке тікелей қауіп төндіреді. Сондықтан да тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тиімді, әлемдік стандарттарға сай институттары мен тетіктерін құру кезең-кезеңімен жүзеге асырылып келеді. Мәселен, Қазақстан ТМД елдерінің ішінде алғашқылардың бірі болып Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заң қабылдады».

Сондай-ақ, жиында Мәжіліс депутаты Сауытбек Абдрахманов, Қазақстан Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының вице-ректоры Айгүл Көшербае­ва баяндама жасады. Ал, дөңгелек үстелге қатысқан Жамбыл облыстық этномәдени бірлестіктердің өкілдері жоғарыда айтылған  тұшымды ойларды тыңдай келе, өз ұсыныстарын айтып, пікірлерін ортаға салды.

 

Жамбыл облысы әкімі аппаратының

«Қоғамдық келісім» КММ

баспасөз қызметі

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 02 96

          + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15