You are here

Облыстық ауыл жастар форумы

04.01.2017, 15:47   126

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Жаңа жыл қарсаңында Жамбыл облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы мен «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен Талас ауданына қарасты «Тау самалы» лагерінде облыстық ауыл жастарының  форумы өтті.

 Форумға Меркі, Жамбыл, Шу, Қордай, Байзақ және Т.Рысқұлов аудандарынан  жастар көшбасшылары, сонымен қатар облыстық этномәдени бірлестіктердің өкілдері мен «Ақ желкен» жастар лигасының мүшелері қатысты.

Форум жұмысының ашылу салтанатына қатысқан «Қоғамдық келісім» КММ басшысының орынбасары Камал Нарбатыров  өз сөзінде: «Бұл жоба жастар орталықтарының  белсенді түрде жұмыс істеуіне ықпал тигізуі тиіс. Біздің басты, әрі негізгі мақсатымыз  - жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу және жасы үлкендерге көмектесу», -  деді.

Жастарға арналған жоба жұмысы «Берік қара» шатқалына саяхат жасаудан басталды. Экскурсия барысында «Ақ желкен» жастар лигасы  өз қызметін таныстыру мақсатында атқарылған жұмыстары жөнінде слайд пен видеороликтер  көрсетті. Форум қатысушылары  ән шырқап, түрлі музыкалық аспаптарда  ойнап, қызықты әңгімелер айтып, Жаңа жылдық мерекелік кеш ұйымдастырды. Іс-шара би кешімен жалғасты.

Форумның екінші күнінде Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы ғылыми-сараптамалық топтың сарапшылары Альбина Тапаева мен Зарина Кулиева түрлі интеллектуалды сайыстар мен семинар-тренинг өткізді. Топтарға бөлінген қатысушылар барлық іс-шараларда белсенділік танытып, ұйымшыл екендіктерін көрсетті. Форум С.Мусалимовтың «Қазақстан» әнімен қорытындыланды.

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 02 96

          + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15