You are here

МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫМЕН КЕЗДЕСУ

12.01.2017, 15:04   301

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Бүгін Жамбыл облысына жұмыс сапарымен Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің  депутаты Фахриддин Қаратаев келді.

«Қоғамдық келісім» КММ-нің жаңа ғимаратында өткен депутатпен кездесуге облыстық ассамблея мүшелері, «Тараз қаласының өзбек орталығы» қоғамдық бірлестігі, Тараз қалалық «Нұр Отан» партиясының өкілдері қатысты. Кездесу барысында еліміздегі көкейкесті әлеуметтік мәселелер талқыланып, Тәуелсіздік жылдарында жеткен жетістіктер жайлы сөз қозғалды.

«Тәуелсіз Қазақстан - татулық мекені. Бұл ұғым бүгінгі таңда әлемдік деңгейде мойындалған. Барлық ұлттарды біртұтас елдің бейбіт тұрғыны етіп, бір шаңырақтың астына біріктіру, «Бір ел - бір тағдыр» идеясы бойынша ортақ мақсатқа жұмылдыру біздің мемлекетіміздің ұстанған негізгі саясаты. Ел іші тыныш, іргеміз мықты болсын деген мақсатта 1995 жылы 1 наурызда Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамлеясын құру туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл ұйымның қоғамдағы рөлі мен маңызын уақыттың өзі дәлелдеп көрсетті. Бүгінгі таңда әлем елдері үлгі алуда» - деді өз сөзінде Мәжіліс депутаты Ф.Қаратаев.

Кездесу еркін форматта өтті. Жиналғандар көкейінде жүрген кез-келген сұрақтарды қойып, оған сәйкесінше жауап та алды. Жарқын естеліктер мен тартымды әңгімелер айтылған ортада әртүрлі жастағы азаматтар арасында сенімді, әрі қызықты пікір алмасу өтті. 

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 02 96

          + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15