You are here

«МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» АКЦИЯСЫ

31.08.2017, 10:02   181

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Жазғы демалыстың аяқталуына санаулы күндер ғана қалды. Сәйкесінше, Білім күні мен алғашқы қоңырау да алыс емес. Осыған орай, 29 тамыз күні Достық үйінде Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен «Мектепке жол» атты мектеп оқушыларына арналған акциясы өтті. Аталмыш іс-шараға өңірлік этномәдени бірлестіктердің жағдайы төмен отбасыларының балалары қатысты.

Мектепке қадам басқалы тұрған оқушыларды бірінші қабатта сайқымазақтар күтіп алды. Олар әр балаға көңіл аударып, көңілді әуен қойып, әрқайсысымен ойын ойнады. Көңілдері көтеріңкі балақайлар алдағы қызықты көруге асықты. Екінші қабатқа көтерілген бүлдіршіндерді Вера Майкович қарсы алып, Достық үйінің мұражайымен таныстырды. Әр этнос бұрышына тоқталып, облыс халқының салт-дәстүріндегі ерекшеліктерін әңгімелеп берді.

Бұдан кейін балғындардың барлығы конференц залға жиналды.  Алғашқы құттықтау сөз Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Рано Убайдуллаеваға берілді. Ол өз сөзінде: «Мектепке жол» акция соңғы жылдан бері дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келеді. Акцияның мақсаты – тұрмыс жағынан аз қамтылған және көпбалалы отбасылар, мүмкіндігі шектеулі балаларға жаңа оқу жылына даярлық жағынан қолдап, көмек беру. Бүгін біз облысымыздағы барлық этномәдени бірлестік балаларына өз сыйлықтарымызды табыстап, мектепке басқан қадамдары оң болып, келешекте «Мәңгілік елдің»  бәсекеге қабілетті ұрпағы болуларыңа тілектеспіз!» - деп атап өтті.

Құттықтау сөзінен кейін оқушылар мен ата-аналарға арналған «Менің қуанышым» атты қуыршақ театры «Білімділер еліне саяхат» атты қойылымды тарту етті. Микки Маус, Минни мен Фиксиктер жиылғандардың көңілін көтеріп, бір марқайтып тастады. Іс-шара соңында балаларға мектепке қажетті сыйлықтар табыс етілді.

 

Жамбыл облысы әкімі аппаратының

«Қоғамдық келісім» КММ

баспасөз қызметі

Дата события Ассамблеи: 

Бейсенбі, 31 Тамыз, 2017

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 02 96

          + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15