You are here

Медиаторларға арналған семинар-тренинг

18.08.2016, 09:04   633

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Жамбыл облысы әкімі аппараты «Қоғамдық келісім» КММ-нде ҚХА жанынан құрылған медиация кабинетінің медиация мектебі «Кәсіби емес медиаторларға арналған этномәдени медиация» тақырыбында семинар-тренинг өткізді.

Семинарға ҚХА мүшелері, этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен белсенді мүшелері, «Бітімгер» медиация және құқық орталығының медиаторлары, Аналар кеңесі мен Ақсақалдар кеңесінің мүшелері, сонымен қатар медиаторлар жұмыс жасау менеджері қатысты.

Семинардың басты мақсаты кәсіби емес медиаторлар мен этномәдени бірлестіктер өкілдеріне медиативті құзыреттілікті түсіндіру, оқыту. Олар өз кезегінде медиация институтының әрі қарай дамуына ықпал етіп, әлеуметтік және құқықтық келіспеушілікті болдырмауға тырысады, республикамызда ұлттар арасында достық пен татулықты нығайтуға өз үлестерін қосады.

Тренинг барысында «Қоғамдық келісім» КММ медиаторлармен жұмыс жасау бойынша менеджері Валентина Досыбиева аталмыш іс-шараның бүгінгі күнгі өзектілігін айтты.

Одан әрі оқуды кәсіби медиатор, ҚХА жанындағы медиаторлар кеңесінің мүшесі Лариса Сафонова жүргізді. Ол өз сөзінде бүгінгі іс-шараның Қазақстан халқы Ассамблеясы жанынан құрылған медиация институтының дамуына әсер етіп, басты әлеуметтік бағыт - этносаралық қатынастарды нығайтатынын айтты.

Семинар-тренинг аясында «Кәсіби емес медиаторларды оқыту бағдарламасы»  тақырыбында оқу курстары өткізілді. Аталмыш курс интерактивті тренинг форматында жүргізілді. Жұмыс барысында кіші-лекция, ой-талқы, пікірталас, тәжірибелік жаттығулар, рөлдік ойындар, видеокейстер, имитациялық медиация жеке және кері байланыс әдістері пайдаланылды.

Жамбыл облысы әкімі аппаратының

«Қоғамдық келісім» КММ баспасөз-қызметі

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 02 96

          + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15