You are here

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутатымен кездесу

06.01.2017, 12:13   235

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Жаңа жылдың алғашқы күнінде Қазақстан Республикасы  Парламенті Мәжілісінің депутаты Шакир Хахазов жұмыс сапарымен Жамбыл облысына келді.

«Қоғамдық келісім» КММ-нің жаңа ғимаратында  депутат облыстық ассамблея мүшелерімен, «Вынхуа» Жамбыл облыстық Дүнген мәдени орталық қауымдастығы, «Ақ желкен» жастар лигасы мүшелерімен кездесті.  Кездесу барысында еліміздегі көкейкесті  әлеуметтік мәселелер талқыланды.

«Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты ретінде менің негізгі мақсатымның бірі әрбір қазақстандықтың өмірімен жеке танысып шығу. Құрылыс саласы болсын,  ауыл шаруашылығы немесе мұғалім не тәрбиеші, тіпті болмаса  жұмыссыз болсын, мен қоғамдағы барлық мәселелерді,  халықтың ойы мен ұсынысын білуім керек», - деді депутат Ш.Хахазов.

Кездесу барысында Парламент Мәжілісінің депутаты Ш.Хахазов жер мен әлеуметтік мәселелер бойынша сұрақтарға жауап берді.

Депутатпен кездесу, тілдесу өте жайлы да, жылы өтті. Жарқын естеліктер мен тартымды әңгімелер айтылған ортада әртүрлі жастағы азаматтар арасында сенімді, әрі қызықты пікір алмасу өтті. 

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 02 96

          + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15