You are here

«ҚР Конституциясы – қазақстандық қоғамның игілігінің кепілі»

31.08.2017, 18:52   117

Версия для печатиPDF versionEPUB version

29 тамыз күні Достық үйінде «ҚР Конституциясы – қазақстандық қоғамның игілігінің кепілі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Конституция күніне орай ұйымдастырылған іс-шараға өңірлік этномәдени бірлестік жетекшілері мен белсенді мүшелері, «Ақ желкен» жастар лигасы, ғылыми-сараптамалық топ пен «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері қатысты.

Алғашқы боп сөз тізгінін алған қалалық өзбек этномәдени бірлестігінің жетекшісі Абдурахман Зайнуддинов Ата заңның маңыздылығын атап өтті: «Қазіргі Қазақстанның құрылуы - бүкіләлемдік өркениет дамуының нәтижесі. Еліміздің заңнамасына деген қызығушылықтың туындауы да содан. Қазақстанда конституциялық үрдіс қарқынды дамуда. Олай дейтін себебіміз - тәуелсіздік алғалы бері Ата заңымыз екі рет жаңарды».

«Әулие ата» қазақ мәдени орталығы Аналар кеңесінің төрайымы Пайза Куненова ҚХА жұмысына тоқталды. «Достық, келісім мен бейбітшілік ұғымдары Конституциямыздағы қоғамдық татулық сөзінің аясына енеді. Бұл саладағы жаңғыруды өздеріңіз көріп жүрсіздер. Қазақстан халқы Ассамблеясы мен оның облыс көлеміндегі филиалдарының жұмысы өз нәтижесін беруде», - деді ол.

Бұдан өзге, жиын барысында Бірлік қарашай-балқарлар қоғамдық бірлестігінің төрайымы Леля Узденова, «Ақ желкен» жастар лигасының төрағасы Зайнуддин Махусеев пен «Қоғамдық келісім» КММ ғылыми-сараптамалық тобының мүшесі Ербол Кәншімбеков сөз сөйледі. Барлығы Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың саяси ерік-жігерін ұлықтап, Ұлт Көшбасшысына алғыстарын білдірді. Іс-шараны қорытындылай келе, қатысушылар бір-бірін Конституция күнімен құттықтап, еліміздің өсіп-өркендеуіне, гүлденуіне тілектестігін бідірді.

 

Жамбыл облысы әкімі аппаратының

«Қоғамдық келісім» КММ

Баспасөз қызметі

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 02 96

          + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15