You are here

Көне Тараз үстінде қалықтаған күмбез

10.03.2016, 11:28   1198

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Қала тұрғындары мен қонақтары баратын көне Тараз  тарихи-мәдени кешенінің қарау мұнарасына қарама-қарсы орналасқан темір-конкструкциядан соғылып жатқан ерекше ғимарат көпшіліктің көңілін көптен бері өзіне аударып келеді. Бұл салынып жатқан құрылыс – Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясының достық үйінің ғимараты. Ежелгі сәулет дәстүрі негізінде соғылып жатқан заманауи қала құрылысы осы жылдың жазының  соңғы айында келушілерге есігін ашады.

Аймақтық ассамблеяның жақында өткен кеңесінің отырысына этномәдени бірлестік басшыларының сұрауы бойынша жоба авторларының бірі, Қазақ мемлекеттік архитектура-құрылыс академиясының профессоры, Қазақстанның құрметті архитекторы Ғ.Исабеков шақырылды. Ол Достық үйінің құрылысының қысқаша таныстырылымын жасады. Ғимарат өзінің пішіні, үйлесімдігі жөнінен өте күрделі. Астана қаласындағы бейбітшілік пен келісім пирамида  сарайына ұқсас, ТМД кеңестігінде бірегей орын алады. Қалықтаған күмбез диаметрі 56 метр, аралық тіреуішсіз орналасқан. Қарау мұнарасы арқылы жоғардан қарағанда сегіз тармақты жұлдызға ұқсайды, «Айша бибі» әшекейлік сарынын ұстану - ерекшелігі болып табылады.

Құрылыстың ерекше бір қасиеті оның жер асты қабатының болуы. Жобалаушылардың шешімі бойынша ол қыста жылы, жазда салқын ауа беріп тұрады. Бұл дәстүр Түркістаннан беріліп келеді, осындай сәулетті  соғуда Қожа Ахмет Яссауи ұстаздық еткен, осы тәсілмен Маңғышлақта мешіт соғылды. Сонымен қатар Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облысының шекарасында, Қаратаудың солтүстік баурайында  «Баба ата» құлпытасы осылайша соғылған. Бүгінгі уақытта жер асты тұрғын үйлері Германияда қолданылады. Ол үйдегі микроклиматты  60 пайызға жақсартады. Сонымен қатар АҚШ-тың Миннесота  штатында да осындай үйлер кездеседі, өйткені оның шұғыл континенталды  ауа райы біздегідей өзгеріп отырады.

Үшінші ерекшелігі тік жарықтандыру қарастырылған, ол қатаң бүйірлі жарыққа  қарағанда неғұрлым ыңғайлы жұмсақ жарық береді. Ғимараттың үстіндегі күмбез арнайы күңгірт шыны  пирамида ретінде орналасқан, ғимаратты тәулік бойына тікелей жарықпен қамтамасыз етеді. Одан әрі К.Исабеков жобалаушылардың ғимаратқа салынған функционалды «құпияларына» тоқталды. Ғимараттың цокольдық қабатында түрлі студиялар, киім бөлмесі, хореографиялық және басқа да сыныптар орналасады. Аудио-бейне жазба жеке студиясын орналастыру қарастырылған. Бірінші қабатта үлкен гардероб, әкімшілік кабинеттері, ассамблея хатшылығы мен «Қоғамдық келісім» КММ, қосалқы үй жайлары орналасады және, ең бастысы, мұнда жоспарланған барлығы 900 шаршы метрді  қамтитын, әрқайсысы 116 шаршы метрден тұратын 8 этномәдени бірлестіктің ғимаратын орналастыру жоспарланған. Осы қабатта шағын мәжіліс-холл орналастырылады.

Екінші қабатта 260 орындық үлкен мәжіліс  залы орналасады. Нышаны бірлік мақсатын білдіретін, жоғарғы деңгейде орналасқан күмбез өзінше бірегей кеңестік. Онда Жамбыл облысы ҚХА кеңесі өткізілетін мәжіліс зал орналастырылады, ол дөңгелек үстел түрінде жасалған. Онда барлық салтанатты  жиындарды өткізуге болады. Залдың айналасы этномәдени бірлестіктердің тұрақты және жылжымалы көрмелерін, жасанды көріністерді, көне қаланың орынында қазба жұмыстарын жүргізу барысында табылған археологиялық заттарды қоюға  және ғылыми семинарлар, кездесулерді өткізуге арналған.

Ғимараттың сырты жағының әдемі әртүрлі түсті безендірілуі «ЭКСПО- 2017» бүкіл әлемдік көрмеге қатысушы туристердің, ресми делегаттардың назарын өзіне аударатыны сөзсіз және сыртқы және ішкі туризмді дамытуға қызмет жасайды», -  деп қорытындылады сөзін К.Исабеков. Ғимарат өзінің басты мақсатын орындай отырып,  өңірлік ҚХА оның барлық құрылымдық бөлімшелернің қызметін жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді.

   

Жамбыл облысы әкімі аппаратының

«Қоғамдық келісім» КММ

Баспасөз қызметі.

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 02 96

          + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15