You are here

ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ КЕҢЕСІНІҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ

12.07.2017, 17:45   170

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Ағымдағы жылдың 12 шілде күні Достық үйі ғимаратында Қоғамдық келісім кеңесінің кезекті отырысы өтті.  Бұл жиынға  Жамбыл облысы ҚХА мүшелері,  Қоғамдық келісім кеңестерінің мүшелері, этномәдени бірлестік жетекшілері мен белсенділері, аудандық әкімдік қызметкерлері және БАҚ өкілдері қатысты.

Кеңес отырысында алғаш болып облыстық Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы, «Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалы төрағасының орынбасары Шәбден Тілеумұрат Қоғамдық келісім кеңесінің атқарылған жалпы жұмыстарына тоқталып өтті: «Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХV сессиясында Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қоғамдық келісім кеңестерінің маңыздылығын ерекше атап өткен болатын. Бұл кеңестер жалпыұлттық әмбебап пікірталас алаңына айналды, сондай-ақ билік пен тұрғындар арасындағы беделді құрылым халыққа қызмет етіп келеді. 

Қазіргі таңда Жамбыл облысында 175 Қоғамдық келісім кеңесі жұмыс істейді. Олардың ішінде 1 облыста, 2 қалада, 10 аудандарда, 153 ауылдарда және 9 кеңес ірі мекемелерде қызмет етеді. Аталған кәсіпорындар қатарына «Қазфосфат» ЖШС, «Таразэнерго» АҚ, «Қазақтелеком» АҚ, «Жамбыл Жылу» КММ, «Тараз-Су» КММ сынды мекемелер кіреді. Қоғамдық келісім кеңестерінің жалпы мүшелер саны 1025. Олардың 33-і облыста, 10-ы қалада, 103-і аудандарда, 812-сі ауылдарда және 67-сі мекемелерге қарайды».

Сонымен қатар Шәбден Тілеумұраттың айтуынша,  ағымдағы жылдың басынан бері Қоғамдық келісім кеңестері 5 мыңнан аса адамды қамтитын 136 іс-шара өткізген. Бүгінде 75 кеңесте қоғамдық қабылдау бөлмелері халыққа қызмет көрсетіп жатыр. Мемлекеттік орган басшыларының ақпаратын жариялауға бағытталған 23 кездесу өтті. Қоғамдық келісім кеңестері жергілікті орындаушы органдармен бірлесе отырып қазіргі таңда өзекті әлеуметтік мәселелер қарастырды. Тоқсан сайын Қоғамдық келісім кеңестерінде этносаралық және конфессияаралық келісімді арттыру, түрлі этнос өкілдеріне әлеуметтік қолдау көрсету, тұрмыстық дау-жанжалдарды шешу бойынша сұрақтар қаралды.

Облыстың барлық аудандарында «Қазақстан Республикасы Конституциясына өзгертулер мен толықтырулар енгізу» туралы заңды түсіндіру жұмыстары да жүргізілді. 

Бұдан өзге, Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы Қоғамдық келісім кеңесі төрағасының орынбасары, облыс әкімдігі білім басқармасы әдіснамалық кабинет меңгерушісі Бигелді Тәжібаев өз баяндамасында  «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясы жағдайында білім алып жатқан балаларға патриоттық тәрбие беруді арттыру мәселесін тілге тиек етті. Ал Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының бас маманы Ұлтуар Бабақұлова Жамбыл, Байзақ, Талас және Сарысу аудандарындағы Қоғамдық келісім кеңестерінің жұмысын ортаға салды.

Отырыс соңында қатысушылар пікір алмасып, Қоғамдық келісім кеңестерінің жұмысын жақсарту бойынша ұсыныстарымен бөлісті.

Жамбыл облысы әкімі аппаратының

«Қоғамдық келісім» КММ

баспасөз қызметі

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 02 96

          + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15