ҚХА Ақмола облысының делегациясы Астанада

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Қазақстан халқы Ақмола облысы ассамблеясының делегациясы таяуда, 1 наурыз Алғыс айту күні Астана қаласында өткен салтанатты жиынға қатысып, Елбасының жүрекжарды тілегін тыңдап қайтты. Тұңғыш Президент кітапханасында Алғыс айту күніне арналған іс-шараға Қазақстан халқы ассамблеясының мүшелері, этномәдени бірлестік өкілдері ғылыми шығармашылық зиялы қауым өкілдері, жастар қатысқан болатын.

Кездесуден кейін салтанатты жиынға қатысушылар режиссер Ақан Сатаевтың  «Анаға жол» атты фильмін тамашалады.

Анастасия Иванова, «Ақмола облысының орыстар қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің жастар қанатының мүшесі:  «Мен ерекше толқып тұрмын. Қазақстан халқы алғаш рет Алғыс айту күнін атап өтуде. Мен бүгін еліміздің астанасына Ақмола облысының атынан келіп тұрмын. Осындай атулы күнде Елбасымен бірге болу мен үшін зор мәртебе деп білемін. Қазақстан халқы - бірлігі мен бейбітшілігі жарасқан ел!»

Айгүл Маментикова, Қазақстан халқы Ақмола облысы ассамблеясы Аналар кеңесінің мүшесі, «Нұрай» балабақшасының меңгерушісі: «Алғыс айту күні Нұрсұлтан Әбішұлының жанында тұру, оның айтқан әрбір тілегі  мен тағылымды сөздерін есту мен үшін, әрине, үлкен жетістік. Елбасы үнемі бірлік пен бірегейлікті сақтауды айтып отырады. Біз соны орындауымыз керек. Барлық қазақстандықтарға бірлік пен береке, барлық бастамаларына жетістік тілеймін.»

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.