You are here

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне және Түрік «Ахыска» халқының Қазақстан Республикасында тұрып жатқандарына 73-жыл толуына арналған облыстық турнир

12.12.2017, 14:20   160

Версия для печатиPDF versionEPUB version

2017 жылдың 9 желтоқсаны Тараз қаласы Олимпиада жеткіншектерін даярлау орталығының спорт кешенінде Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясының қолдауымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне және Түрік «Ахыска» халқының Қазақстан Республикасында тұрып жатқандарына 73-жыл толуына байланысты жасөспірімдер арасында еркін күрестен облыстық турнир өтті. Турнирді «Ахыска» түрік этномәдени орталығы» Жамбыл облыстық филиалы қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды.

Турнирдың мақсаты жастар мен жасөспірімдердің денсаулығын арттыруға, олардың арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруға және дене тәрбиесі мен бұқаралық спорт жүйесін дамытуға ықпал ету болып табылады.

Жарысқа облыс аудандарынан 2003-2007 жж. туылған жасөспірімдер қатысты. Жарыс Халықаралық UWW ережесімен, екі топта әртүрлі салмақ дәрежелері бойынша өткізілді. Жалпы командалық есеппен Меркі ауданынан келген спортшылар бірінші орынға ие болды.

Турнир жеңімпаздары мен жүлдегерлері «Ахыска» түрік этномәдени орталығы» Жамбыл облыстық филиалы қоғамдық бірлестігі атынан арнайы дипломдар мен медальдар және сыйлықтармен марапатталды.

Жарыс жеңімпаздарын мараппатауға «Ахыска» түрік этномәдени орталығы» Жамбыл облыстық филиалы қоғамдық бірлестігінің төрағасы М. Давришев, Жамбыл облысы спорт басқармасының өкілдері мен Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген жаттықтырушылар қатысты.

 

Жамбыл облысы әкімі аппаратының

«Қоғамдық келісім» КММ

баспасөз қызметі

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15