Қайырымдылық керуені Қордай ауданында

Версия для печатиPDF versionEPUB version
 

Ағымдағы  жылдың  21 маусымы күні  Қордай ауданы, Сортөбе ауылында Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы, «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен «Қайырымдылық керуені» акциясы өткізілді.  

Шараға  ҚХА мүшелері мен этномәдени бірлестіктерінің өкілдері, «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының жастары, облыстық ҚХА қоғамдық келісім кеңесінің мүшелері, Шу және Қордай аудандарынан қоғамдық келісім  кеңестерінің төрағалары  мен белсенді мүшелері, ішкі саясат бөлімінің өкілдері, медиаторлар, Аналар, Ақсақалдар кеңестерінің жетекшілері, дін басқармасының, құқық қорғау  органдары, салауатты өмір салтын қалыптастыру  орталығы және БАҚ өкілдері қатысты.

Игілігі мол шара ұлттар бірлігін ұлықтайтын этномәдени бірлестіктердің өнерлі өкілдері және қордайлық өнерпаздардың қатысуымен өткен концерттік бағдарламамен басталды. Аталған акция барысында «Үкілім» би және  «Болашақ» әншілер тобы,  «Архыз» республикалық, «Әулие Ата» қазақ мәдени орталығы қоғамдық бірлестіктері мен Қордай ауданы көркемөнерпаздарының өнерлері тамашаланды.

Көмек көрсетуге көптен бұрын асығатын облыстық ассамблея мен «Қоғамдық келісім» КММ Сортөбе ауылындағы жағдайы төмен деген бес отбасыға әлеуметтік көмек ретінде азық-түліктер үлестірді.

 «Қайырымдылық керуені» шарасы аясында    облыстық  Қоғамдық келісім кеңесінің  «Қоғамдық келісім және жергілікті атқарушы органдардың өзара әрекеттестігі»,     Аналар кеңесінің «Қоғамдық сананы жаңғырту тұрғысынан моральдық және рухани білім берудің тиімді механизмдері»  Ақсақалдар кеңесі және медиаторлардың «Аға буын өкілдері – ел беріктігінің  кепілі» тақырыптарында кеңейтілген отырыстары өткізілді. 

Дәл осы уақытта Қордай аудандық «Мәдениет үйі» маңында жасөспірімдер арасында Қазақстан халқының спартакиадалық ойындары ұйымдастырылып,  жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар табысталды. 

Шара соңында «Жаңғыру жолы» облыстық жастар қозғалысы Сортөбе ауылының жастарымен «Көшбасшы бол!» тақырыбында  кездесу өткізіп, сонымен қатар, акция шеңберінде  Қордай ауданында  «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысы  штабының   ашылу рәсімі де өткізілді.

            
            

 

 

 

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.