You are here

Фестивальда жыл қорытындыланды

27.12.2016, 12:08   563

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Бүгін «Қоғамдық келісім» КММ-де облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы «Нұр Отан» партиясының қолдауымен Республика  Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арнап  ұйымдастырған  «Үлкен ел – Үлкен отбасы» фестивалі болып өтті.

«Қазақстан - көп ғасырлық құнды тарихы бар мемлекет. Біз  Тәуелсіздігімізді  осыдан 25 жыл бұрын ғана алдық. Тарих үшін бұл көп уақыт емес. Дегенмен, біз жүрген жол жүз жылдық  тарихпен тең.  Еліміз одан әрі дамып, гүлденіп келеді.  Ассамблея – үлкен отбасы, бірлік пен келісім бесігі. Біздің мойнымызға жүктелген міндет – халықтың бірлігін, мемлекеттің келісімін сақтау», - деп атап өтті өз сөзінде облыстық  Қазақстан халқы ассамблеясы  төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Маржан Қожаева.

Фестиваль ән мен биге ғана ұласып қоймай, сонымен қатар ассамблея мүшелері мен этномәдени бірлестіктер түрлі номинациялар бойынша марапаттаулармен жалғасты.  «Қоғамдық жұмысқа адалдығы үшін» номинациясы бойынша алғыс хат пен естелік сыйлықтармен Қоғамдық келісім кеңесі (төрағасы Ш.Тілеумұрат), облыстық ақсақалдар кеңесі (төрағасы  Р.Жаңабаев), аналар кеңесі (төрайымы М.Миражапова), ғылыми-сараптамалық тобы (төрағасы М.Сарыбеков), облыстық медиаторлар  кеңесі (төрағаның орынбасары А.Баранов), «Ақ желкен» жастар лигасы (төрағасы З.Махусеев) және сәндік шығармашылық өнер мектебі (төрайымы В.Майкович) марапатталды.

Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының қоғамдық жұмыстар бойынша орынбасары Александр Гибнер «2016 жылдың қайырымды жаны» номинациясымен «Ахыска» түрік этномәдени бірлестігінің президенті М.Давришев және М. Қашқари атындағы ұйғыр этномәдени бірлестігінің төрайымы М.Тұрдиеваны алғыс хатпен және естелік сыйлықтармен марапаттады.

Бұдан өзге «Республикалық байқаулар, жобалар, фестивальдар жеңімпаздары», «Қазақстан халқы ассамблеясының өңірлік әріптестері - 2016», «Мықтылардың мықтысы», «Ең үздік медиа этномәдени бірлестік», «Жылдың үздік медиаторы», «Ең белсенді этномәдени бірлестік», «Үздік спикер» және «Ең үздік белсенді аудан» номинациялары бойынша  марапаттар өз иелерін тапты.

Сонымен қатар, фестивальда М.Қашқари атындағы ұйғыр этномәдени бірлестігінің «Гунча» тобының бишілері, «Юнчи» домбырашылар триосы, «Поющие сердца» триосы және М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің студенттері өнер көрсетті.

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 02 96

          + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15