You are here

Этномәдени бірлестік өкілдеріне облыс әкімінің гранттары берілді

26.12.2016, 13:48   513

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Бүгін Жамбыл облысы этномәдени бірлестіктерінің жұмысының жылдық қорытындысы бойынша этномәдени бірлестік төрағаларына облыс әкімінің грантын салтанатты жағдайда тапсыру рәсімі өтті.  Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, облыс ассамблеясы хатшылығының, «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері, облыс этномәдени бірлестіктерінің және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Салтанатты іс-шараны облыс әкімі К.Көкірекбаев ашты.

Ол өз сөзінде биылғы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығында «Қайырымдылық керуені», «Ұлы дала тарихы», «Үлкен Ел-Үлкен отбасы», «Мың бала» атты жобаларының жақсы нәтижелерге жеткенін, бұл жетістіктерге жетуде облыс этномәдени бірлестіктерінің қосқан үлесінің зор екенін айтып өтті. Жұмыла отырып өткізілген ірі қоғамдық-саяси шаралар мемлекетіміздің беделін бекемдеп, қоғамның ұйысуына септігін тигізді. Бұл - егеменді мемлекеттің, Тәуелсіз ел халқының жасампаз істерінің жемісі. Өңір басшысы алдымызда үлкен жауапкершілікті қажет ететін  істер тұрғанын айта келіп, этномәдени бірлестіктердің қоғамдық жұмыстарына табыс тіледі.

Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік» алтын медалімен және «ҚР Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалімен «Қоғамдық келісім» КММ ғылыми-сараптамалық бөлімінің жетекшісі Л.Лысова, Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік» алтын медалімен «Әулие - Ата» қазақ мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы М. Сарыбеков марапатталды. Облыс әкімі К.Көкірекбаев облысымыздың қоғамдық өмірінде белсенділік танытып, этносаралық келісімнің нығаюы мен дамуына, қазақстандық патриотизмді тәрбиелеуге үлес қосқаны үшін этномәдени бірлестік жетекшілеріне салтанатты түрде гранттарды тапсырды.

Кездесу соңында этномәдени бірлестіктер басшылары бұл марапаттардың алдағы уақытта этномәдени бірлестіктердің қоғамдық және творчестволық жұмыстарына үлкен ықпал ететінін айта отырып, ризашылықтарын білдірді.

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 02 96

          + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15