You are here

ЕШКІМ ДЕ, ЕШТЕҢЕ ДЕ ҰМЫТ БОЛҒАН ЖОҚ

12.09.2017, 12:05   131

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Осыдан тура 75 жыл бұрын Кеңес одағының Поволжье аймағында тұратын немістер Қазақстанға күштеп жер аударылған болатын. Осы оқиғаны еске алып, ата-бабалар рухына тағзым ету мақсатында 10 қыркүйек күні Достық үйінде Жамбыл облыстық немістер қоғамы мен неміс жастарының клубы «Juwel» бірлесе отырып, «Никто не забыт, ничто не забыто» атты театрландырылған қойылым қойды.

Ұлы Отан соғысы баршаға ауыр тигені жасырын емес. КСРО-да өмір сүрген неміс халқы да көп қайғы-қасірет көрді. 1941 жылдың 28 тамызына дейін жергілікті неміс халқы уайым-қайғысыз өмір сүрген: бойжеткендер тұрмысқа шығып, отбасын құруды армандаса, ер жігіттер қызыл әскер құрамына кіріп, фашисттердің көзін жоюды қалаған. Алайда, сол жылғы тамыздағы қаулы олардың өмірін астан-кестен етті. Халық жауы атанып, туған жерінен көшуге мәжбүр болған халық тағдыр тауқыметін бастан кешті. Қазіргі Қазақстанға жер аударылған 950 мың неміс осы жерден екінші Отанын тапты. Көшпенділер мекен еткен Ұлы далада неміс этносының өкілдері жаңа өмір бастады, ұрпақ өсіріп, өркендей түсті. Мемлекеттің дамуына да өз үлесін қосып келеді.

Дарынды жастар қойылым арқылы жер аударылған адамдар тағдырының қайғысы мен қуанышты тұстарын ұтқыр көрсете білді. Ұйымдастырушылардың сөзінше, спектакльдің сценарийі куәгерлердің әңгімелеріне негізделіп жазылған.

Іс-шараның арнайы қонағы Жамбыл облысындағы  «Қазақстанның Азаматтық альянсының» атқарушы директоры Раиса Рысқұлбекова әртістердің өнеріне тәнті болып, ұстаздарына ризашылығын білдірді: «Біз – ортақ болашақты құрып жатқан біртұтас ұлтпыз. Бізді біріктіретін біріншіден, бәріміздің ортақ үйіміз – Қазақстанға деген махаббат, екіншіден, жерімізде мекен еткен халықтардың тарихы мен тілдердің дамуымен келісім. Және үшіншіден, еліміз бен оның азаматтарының қазіргісі мен ұлы болашағына деген  сенімі. Бұл біздің еліміздің – Мәңгілік еліміздің негізі деп санаймын».

Іс-шарада аға буын өкілдері Ұлы Отан соғысымен тұспа-тұс келген балалық шақтарының естеліктерімен бөлісті. Қойылым соңында жиылған қауым ата-бабаларын еске алып, олардың рухына бір минуттық үнсіздікпен құрмет көрсетті.

Дата события Ассамблеи: 

Сейсенбі, 12 Қыркүйек, 2017

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 02 96

          + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15