You are here

«Ел бірлігі – тұрақтылық кепілі»

23.06.2017, 17:21   364

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Этносаралық және конфессияаралық қарым-қатынас саласында заңдылықты қамтамасыз ету мен «Ел бірлігі – тұрақтылық кепілі» жобасы аясындағы іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр? Осы мәселелерді талқылау үшін этномәдени бірлестіктер жетекшілері мен белсенді мүшелері, құқық қорғау және жергілікті орындаушы органдардың өкілдері Достық үйінде бас қосты.

Жамбыл облысы ҚХА хатшылығы меңгерушісінің міндетін атқарушы, модератор Жеңіс Сариев өз сөзінде құқық қорғаушы органдар жұмысының сапасына тоқталды. «Жергілікті атқарушы органдар әлеуметтік және экономикалық мәселелерді шешумен айналысады. Сонымен қатар, бұл мамандар ұлты мен дініне қарамастан, кез келген азаматқа атаулы көмек көрсетеді. Еліміздің экономикалық өсімі, әлеуметтік және демократиялық дамуы қоғамымызда бірлік болғанда ғана мүмкін екені айтпаса да түсінікті. Осы міндетті орындау үшін бізде саяси ерік-жігер мен барлық қажетті экономикалық және әлеуметтік ресурстар жеткілікті. Сол себепті этносаралық келісімді сақтау бойынша жұмыстар тек оң нәтиже беретініне сенімім мол».

Жамбыл облысы прокурорының орынбасары Руслан Исаев «Ел бірлігі – тұрақтылық кепілі» жобасы бойынша жоспарланған іс-шаралар легі сәтті жүзеге асып жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, қазіргі таңда аймақтың этникалық картасы жасалған, этностардың арасынан беделді тұлғалар тобы құралған. Сонымен қатар, облыс аумағында 20 мың халықты қамтитын «Ел бірлігі» науқаны жүргізілді. Тағы 300 спорттық іс-шара, 7 мың тұрғынға арналған тақырыптық спектакльдер қойылды. 

Сонымен бірге, жиын барысында Ішкі істер департаменті жергілікті полиция қызметі басшысының орынбасары Бауыржан Үдергенов, облыс әкімдігі ішкі саясат басқармасының басшысы Рахия Тұрмаханбетова және жастар саясаты басқармасының басшысы Мәди Мәтен баяндама оқыды. Ал қатысушылар спикерлерге көкейіндегі сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптарын алып, ұсыныстарын ортаға салды. Олардың бірі - «Жамбыл облыстық «Манас Ата» қырғыз этномәдени бірлестігінің» жетекшісі Сағымбек Мырзабеков. Ол учаскелік полиция қызметкерлерінің үй аралау жұмыстарын қайта енгізіп, полиэтникалық ортада құқық бұзушылық пен қылмыстардың алдын алуға бағытталған кездесулерді жиі ұйымдастыруды ұсынды.

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15