You are here

«Біз сенің жауынгерлеріңбіз, Отан!»

06.06.2017, 12:39   121

Версия для печатиPDF versionEPUB version

4 маусымда М.Х.Дулати атындағы ТарМУ Гуманитарлық-әлеуметтік ғылымдар факультеті ғимаратының акт залында Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер күніне орайластырылған «Біз сенің жауынгерлеріңбіз, Отан!» атты облыстық патриоттық әндер байқауы өтті. Аталмыш іс-шараны өңірлік Қазақстан халқы ассамблеясы мен Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастырды.

«Қоғамдық келісім» КММ басшысының орынбасары Камал Нарбатыров өз сөзінде: «Еліміздің мемлекеттік рәміздері сонау 1992 жылы бекітілгені барлығына белгілі. Биыл осы тарихи оқиғаға 25 жыл толып отыр. Барлықтарыңызды осы меретоймен шын жүректен құттықтай отырып, қатысушыларға сәттілік тілеймін», - деді.

Жамбылдықтар арасында патриоттық сезімді насихаттау мақсатында өткен шараға облыстық және аудандық этномәдени бірлестіктерден 17 орындаушы қатысты. Байқау шарттары бойынша орындаушыларға мынадай талаптар қойылды: жанды дауыста ән айту; жас ерекшелігі 17 жастан жоғары; әрқайсысы екі ән орындайды, бірі – патриоттық, екіншісі – соғыс жылдарындағы композиция; қатысушы таңдаған әндер Отанға, туған жерге деген сүйіспеншілікті насихаттауы шарт.

Екі кезеңнін қорытындысы бойынша неміс ЭМБ өкілі Андрей Фирсов І орынды иеленді. ІІ орынды «Айнуры» татар-башқұрт ЭМБ мүшесі Лиля Новичкова мен М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-нің студенті Медеу Ердалиев еншіледі. Ал үшінші орын «Айнуры» татар-башқұрт ЭМБ мүшелері Тифах Джуранбаева пен Рузалия Ахметшинаға және Жамбыл ауданынан келген жас өнерпаз Балғын Сүлейменге бұйырды.

«Біз сенің жауынгерлеріңбіз, Отан!» облыстық патриоттық әндер байқауының соңында жеңімпаздар мен қатысушылар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

 

Жамбыл облысы әкімі аппаратының

«Қоғамдық келісім» КММ

баспасөз қызметі

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 02 96

          + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15