You are here

Балақайлар жаңа жылды қарсы алды!

27.12.2016, 17:12   943

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Бүгін «Қоғамдық келісім» КММ-нің үлкен және әдемі безендірілген залында облысымыздың этномәдени бірлестіктерінің кішкентай өкілдері  Жамбыл облыстық  Қазақстан халқы ассамблеясының ұйымдастыруымен өтіп жатқан «Жаңа жылдың таңғажайып оқиғасы» атты мерекелік көрсетілімнің куәсі болды.  Жаңа жылдық қойылымға 220-дан астам кішкентай балақайлар шақырылды.

«Бүгін біздің балаларымызға керемет мереке ұйымдастырылды. Балаларымыз өздерінің өнерімен бөлісті. Жамбыл облыстық Қазақстан халқы ассамблеясына алғысымыз шексіз. Барлық қазақстандықтарды келе жатқан Жаңа жылдарыңызбен шын жүректен құттықтаймыз,» - деді «Шиват Цион» облыстық еврей этномәдени бірлестігінің төрайымы Людмила Корнилина.

Жаңа жылдық шырша мерекесі жылы лебіздерден бастау алып, аяғы балақайларға әртүрлі сыйлақтар мен тәттілерді үлестірумен жалғасты. Бірі жан-жануарлардың кішкентай балаларының келбетіне айналса, бірі аңшының, енді бірі мультфильмдегі персонаждардың киімін киіп жаңа жылдық саяхатқа аттанды.

Облысымыздағы этномәдени бірлестіктердің балаларына арналған жылы лебіздер мен балалардың күлкісіне толы жаңа жылдық шырша келесі жылы да жалғасын табатын болады дейді ұйымдастырушылар. Тек шоу-бағдарламасы өзгеріп, балаларымыз ер жетіп кетер. Қыстың қаһарлы аязында Аяз атаның қатысуымен өткізіліген мұндай мерекелік іс-шара балалар езуіне күлкі мен ойын-сауық сыйлады.

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15