Этномәдени бірлестіктер

Версия для печатиPDF versionEPUB version

 

Этномәдени бірлестіктердің жұмысы жайлы

АҚПАРАТ

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев 1990 жылдың басында барлық этномәдени орталықтарды бір ұйымға Қазақстан халқы ассамблеясына біріктіру идеясын жария етті. Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы 1995 жылдың сәуір айында құрылды. Оның құрамына этникалық және мәдени бірлестіктердің, үкіметтік емес ұйымдардың, зиялы қауым және т.б. өкілдері кіреді.

1995 жылы барлығы 9 этномәдени бірлестік болса бүгінгі күні облыста барлығы 73 этномәдени бірлестік оның 26 облыстық, 47 аудан орталығында орналасқан. Олар облыс аумағында белсенді азаматтар арасында патриоттық сезімді, сондай-ақ ұлттық салт-дәстүрді насихаттауда ұлтаралық бірлік пен келісімді нығайтуда жұмыстар атқаруда.