You are here

Достық үйі

Версия для печатиPDF versionEPUB version

 

Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-нің құрылуы туралы мәлімет.

Жамбыл облысы әкімі аппараты Қазақстан халқы ассамблеясының «Достық үйі» КММ облыс әкімінің 2013 жылғы 26 желтоқсандағы №404 қаулысы негізінде құрылған. Мекеме құрылған уақытта штаттық құрылымы 39 бірліктен тұрды. Оның ішінде 5 бөлім: әкімшілік құрамы, ғылыми- сараптамалық, көпшілік іс-шаралармен тілдерді дамыту және этностар мәдениеті, әдістемелік, материалдық - техникалық қамсыздандыру және шаруашылық қызмет көрсету бөлімдері.

2015 жылдың 26 наурызында облыс әкімінің №48 қаулысымен «Достық үйі» КММ атауы Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ болып өзгертілді. Осыған сәйкес штаттық кестесі бекітіліп бөлім атаулары жаңа атаулармен аталды.

Мекеменің мақсаты мен міндеті:

«Қоғамдық келісім»КММ-нің негізгі мақсаты:

-Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясының қызметін атқару;

-аймақтағы мемлекеттік этносаясатты іске асыруды жүзеге асыру;

-облыстағы этномәдени бірлестіктердің  және басқа қоғамдық ұйымдардың қызметін ұйымдастыру және үйлестіру, этностардың мәдениеті мен тілдерін дамытуға практикалық көмек көрсету, қоғамдық келісімді нығайту, халықтық дәстүрлермен әдеп-ғұрыптарды насихаттау бойынша жұмысқа тарту;

-облыс ҚХА-ның қызметін ғылыми-сараптамалық қолдауды іске асыру;

-этносаралық және қоғамдық келісім, толеранттылық мәселелер бойынша халыққа ақпараттық – түсіндіру және консультативтік көмек көрсетуді іске асыру;

- Қазақстан халқының бірлігін нығайтуға бағытталған ҚХА ның бұқаралық іс шараларын ұйымдастыру және өткізу;

«Қоғамдық келісім» КММ төмедегі құрылымдар бойынша жұмыс атқарады:

-әкімшілік басқару құрамы;

-ғылыми сараптамалық талдау;

-баспасөз қызметі;

-қоғамдық көпшілік іс шараларды ұйымдастыру;

-этносаралық қатынастар саласында әдістемелік көмек көрсету және маниторинг жүргізу;

-материалдық - техникалық және қамсыздандыру және шаруашылық қызмет көрсету бөлімдері;

«Қоғамдық келісім» КММ нің штаттық құрылымы 39 бірліктен тұрады.

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 02 96

          + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15