You are here

Ассамблея туралы

Версия для печатиPDF versionEPUB version

 

Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы жайлы

Аймақтық ассамблея тарихы Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылғанға дейін бірнеше этномәдени бірлестіктердің құрылуымен басталады. Бірінші рет облыста грек, өзбек,түрік, шешен-ингуш, кәріс,ұйғыр,неміс, украйн және орыс қауымдастығы құрылып жұмысын бастады. Бүгінгі таңда аймақтық Қазақстан халқы ассамблеясы 73 этномәдени бірлестіктердің басын біріктіріп, жұмыс атқаруда. Оның 26-сы облыс орталығында, 47-сі аудан орталығында құрылған.

Ассамблея құрамына аналар кеңесі, ғылыми-сараптамалық топ, «Ақ желкен» жастар көшбасшы лигасы кіреді.

Тараз қаласы және аудан әкімдері жанынан қоғамдық келісім кеңесі құрылған. Ассамблея құрылған 20 жыл уақыттан бері этностардың ұлттық мәдениетін дамытуда тұрақтылықты, қазақстандық патриотизмді қалыптастыруды, этносаралық келісімді нығайту мақсатында бірнеше мыңдаған қоғамдық мәні бар іс-шаралар ұйымдастырды.

Қарттарға құрмет көрсету, көп балалы отбасыларын қолдау, еңбек әулеті дәстүрлерін насихаттау, этностардың мәдени күндері, жастар форумы, ашық сабақтар, этномәдени бірлестіктердің облыстың алыс аудандарына шығуы, сонымен қатар әртістермен, ғалымдармен, әр-түрлі саладағы шығармашылық өнер адамдарымен кездесулер ұйымдастыру қалыптасты.

Шекаралас көрші Қырғыз елдерімен мәдени байқаулар өткізу тұрақты жүргізіліп отырды. Мерекелі 2015 жылғы аймақтық ассамблеяның сапалық құрамы өзгере отырып, жастармен толықты. Жылдың басы көптеген іс-шараларға толы болды.

Қазақстан халқы Ассамблеясы жылының арнайы ашылу күніне орай облыстық жалпы білім беретін мектептерде 1-11 сыныптарда этномәдени бірлестік басшыларының, облыстық ассамблея басшылығының қызметкерлері, ардагерлер,облыс Қазақстан халқы ассамблеясы мүшелерінің және ақпараттық насихаттық тобының қатысуымен « Қазақстан халқы Ассамблеясы- достық пен келісімнің, бірліктің символы» тақырыбында бір жақты тарихи сабақ өткізілді.

Ақпан айында бір мезетте облыстың аудандық, ауылдық округтерімен ауылдарында және облыс орталығында «Қазақстан халқы Ассамблеясы жылының бастау алуы» синхронды-акциясы өтті.Сонымен қатар Қазақстан халқы Ассамблеясы жылына арналған қоғамдық мәні бар көпшілік іс-шаралар өтті.Іс-шаралардың басты өтетін орны «Баласағұн» ОКЗ және облыс орталығындағы  «Тараз Арена» спорт кешені болып белгіленді, онда ҚХА форумы, студенттік жастар флэш-мобы, спорттық жарыстар т.б шаралар өтті. ҚХА жылының бастау алуы шеңберінде «Қазақстан:бір мемлекет,бір отбасы» облыстық байқауы, облыстық аналар форумы,Қазақстан халқы Ассамблеясы тарихына арналған тақырыптық кітап көрмелерімен қол өнер шеберлерінің көрмесі өтті.

Облыстық тарихи өлкетану мұражайында « облыс ҚХА жылнамалары тақырыбында көрме ашылды.Этномәдени бірлестік ақсақалдар кеңесінің отырысында «Мемлекеттің қалыптасуының тарихи кезеңдері, ҚХА еліміздің президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тікелей туындысы» атты отырыс өтті.Қорытындысы «Достық шеңбері» облыстық байқауы және « Туған күніңмен Ассамблея» мерекелік концертімен аяқталды. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қатысуымен облыста « Елімнің тағдыры-менің тағдырым» тақырыбында ҚХА форумы өтті.Облысымызда осы жылдың үлкен мәнімен маңызы бар мәселе ҚХА Республикалық « 20-ізгі іс этафетасы болды.Ізгілікті істің символы «Тайқазан» аймақта салтанатты жағдайда шеруі өтті, онымен облыс орталығымен аудандардағы барлық тұрғындар кездесті.

Қайырымдылық акциясына атқарушы органдармен қатар, облыстық аудандық «Нұр Отан» партиясының филиалдары, кәсіпкерлер, ірі мекемелер, үкіметтік емес ұйымдар, этномәдени бірлестік өкілдерімен жастары, ҚХА жанындағы «Ақ желкен» жастар бірлестігі, және әр-түрлі жастағы адамдар, дін басылары ат салысты. «ҚХА 20-ізгі іс эстафетасы шеңберінде облыс тұрғындары қайырымдылық акциясына, жәрмеңкелер және концерттерге қатысты.

«ҚХА 20-ізгі іс» акциясына этномәдени бірлестіктер жауапкершілікпен ат салысты.Мысалы: ұйғыр этномәдени бірлестігі осы акция шеңберінде 5 аз қамтылған және көп балалы отбасыларына 655 мың теңгеден жоғары қайырымдылық акциясын жасап, көмек көрсетті.Өзбек , грек, дүнген, түрік, неміс этномәдени бірлестіктері аз қамтылған отбасылармен соғыс ардагерлеріне көмек көрсетті.Поляк этномәдени бірлестік өкілдері К.Сарымолдаев атындағы балалар үйіне халықаралық балаларды қорғау күніне орай қайырымдылық акциясын ұйымдастырды.Этномәдени бірлестік басшылары жақын арада құрылған «Зербұлақ» ат клубына сал аурулары,жүйке ауруымен ауыратын балаларды емдеу мақсатында ат сатып алып берді.

Аймақтық ассамблеяның жұмысын қамтамасыз ету мақсатында «Қоғамдық келісім» КММ құрылды.Ол барлық этномәдени бірлестіктердің басын қосатын, олардың жұмыстарына бағыт беріп, жастардың тұрғындармен бастарын жиі біріктіретін орталыққа айналды.Мекеме қызметкерлері  аймақтық ассамблеяның жұмысын жандандыру мақсатында «ҚХА 2020 дейінгі даму» тұжырымдамасын, ЕлбасыН.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» жолдауын, ұлт жоспары «100-нақты қадам» реформасын  және «Қазақстан- 2050» Стратегиясын, сонымен қатар этносаралық келісімді саяси тұрақтылықты,халықтар бірлігін қалыптастыруда және Қазақстандық патриотизмді насихаттау бағытында жұмыстар жүргізіп, жұмылдырып отырады.Этномәдени бірлестіктер біріге отырып қоғамдық мәні бар іс-шараларды жүргізеді, мемлекеттік мерекелерді атап өту, байқаулар, спорттық және қайырымдылық іс-шаралары, акциялар, ғылыми-практикалық конференциялар т.б. шаралар.Олар сонымен қатар мемлекеттік әлеуметтк жобаларды, білім гранттарын жүзеге асыру, және ана тілімен мемлекеттік тілді оқып үйренуде курстар ұйымдастырады.

Аймақтарда этнос күндері ұлттық салт-дәстүрді сақтай отырып ерекше жағдайда өтеді.Мерейтой жылы облыс тұрғындары,ұйғыр,грузин,татар-башқұрт,қытай, украйн этномәдени бірлестіктерінің күндері өтуіне тікелей куә болды.Бұрын этномәдени бірлестіктер іс-шараларды облыс орталығында өткізсе, қазіргі уақытта облыстың аудандарында өткізуді дәстүрге айналдырған. «Родонеж» орыс қауымдастығы славян мәдени күндерін және Пушкин оқуларын Тараз қаласында өткізсе, этнос күндерін Сарысу ауданында өткізді. Еврей, тәжік, поляк, этномәдени бірлестіктері этнос күндерін бірігіп Байзақ ауданында,Ұйғыр этномәдени бірлестігі Меркі ауданына шығып мәдени күндерін өткізді.

Облыстық ассамблея өзінің қарым-қатынасын үлкен ірі мекемелермен ірі компаниялармен кеңейте түсті.Олармен қоғамдық келісім кеңесін құрып, этносаралық қарым-қатынасты дамыту мақсатында іс-шаралар өткізеді.Осының айғағы ретінде облыс ассамблеясы «КАЗФОСФАТ» ЖШС бірлесіп бірінші рет «Бір-мемлекет,бір-компания қызығушылық» тақырыбында «ҚХА- 20» жылдығын химия өнеркәсібі  қызметкерлері күні мен орайластырып этносаралық байқауын өткізді.Байқауға қатысушы «Казфосфат»ЖШС филиалының қызметкерлері Қазақстанда тұратын этнос өкілдерін қатыстыра отырып мәдени бағдарлама, этносөкілдерінің өмірінен театрландырылған көріністерін көрсетті, жиналған халыққа ұлт өкілдерінің әдеп-ғұрыптарын таныстырып, олардың ұлттық тағамдарымен құрмет көрсетті. Осы жылдың басынан бастап аймақтық ҚХА  мүшелерімен, этномәдени бірлестік өкілдері және басшылары, жастарының қатысуымен 1459-дан аса қоғамдық маңызы бар іс-шаралар өткізді, оның 377 елді мекендерде өтті. Оған 800 мыңнан аса адам қатысты.Ұлтына және дініне қарамастан этнос өкілдері «Біз бәріміз біргеміз- біз Қазақстандықтармыз!» бастамасын бағыт етіп ұстаған. Аға ұрпақ өкілдерінің дәстүрін жалғастырушы жастар болып табылады.Этномәдени бірлестік жанындағы жастар көшбасшылары орталығы Қырғыз Республикасында өткен «Әлеуметтік серіктестік-мемлекетіміздің негізгі дамуы» тақырыбында ТМД мемлекет жастарның халықаралық форумына қатысты.Этномәдени бірлестік жастары терроризмге қарсы, «Ерікті донор»,«Ұлт көшбасшысымен-жаңа жеңістерге!», «Көк орамал», «Жеңістеріңізге рахмет», «Туған күніңмен Астана!» акцияларын, Қарағанды облысында су тасқынынан зардап шеккендерге және қарттар күніне орай қайырымдылық акцияларын өткізді.Облыс орталығында өткен «Өз ағашыңды отырғыз» акциясында 500 ден аса көшеттер отырғызылды.

Осы жыл Ұлы отан соғысының аяқталғанына 70 жылдық мерейтойымен сәйкес келді. Соғыс және еңбек ардагерлерімен бірлесіп көптеген іс-шаралар өткізілді. Оларға этномәдени бірлестік жастары тарапынан көптеген қолдаулармен көмектер көрсетілді.Осының айғағы «Ақ желкен» жастар лигасының ұйымдастыруымен Достық үйінде «Жеңістеріңізге рахмет!» акциясы өткізілді, үйлеріне барып құрмет көрсетілді.Әрбір соғыс ардагері мектеп оқушыларының, студенттерінің қолдарынан жасаған құттықтау ашық хаттарын алды. Этнос өкілдерінің тарихи отандарымен мәдени байланыс жасау жұмыстары нығайып келеді.

«Жамбыл облыстық неміс қоғамы» қоғамдық бірлестігі Достық үйінде Германия федеративтік Республикасынан келген оқушылармен кездесу ұйымдастырды. Оқушылар «Ақ желкен» жастар лигасының жұмысымен терең танысуға мүмкіндік алды, облыстық этнос өкілдерінің тіршіліктерімен, облыстық тарихи өлке тану мұражайында суретші Л.Брюммердің сурет галерясымен танысты.Жамбыл политехникалық колледжінде «Қазақстанда білім беру жүйесінің реформасын қолдау мақсатында әйелдермен қыздарға кәсіби білім беру» қазақ- герман жобасын жүзеге асырумен танысты.Облыста барлық этномәдени бірлестіктердің жұмысы жандана түсті,атқарылған іс-шаралар үлкен мәнге ие.Осы жылдың май айында облыстық аймақтық ассамблеяның «Мәңгілік ел-идинная нация и общии ценности» тақырыбында 18 сессиясы өтті.Аймақтық ассамблеяның жұмысы облыста алыс аудандарда орналасқан ауыл округтермен, елді мекендерге кеңінен белгілі. «Достық караваны» Мойынқұм, Сарысу, Талас, Қордай аудандарының ең алыс аймақтарына шықты. ҚХА мүшелері аудан тұрғындарымен, ассамблея жанындағы ғылыми-сараптамалық топ, аналар кеңесі және ақсақалдармен тығыз байланысты жұмыс істейді.Олармен ақпараттық түсіндіру жұмыстары, ауыл жастарымен кездесу, этностардың мәдени күндері, облыс суретшілерінің көрмесі және спорттық шаралар ұйымдастырылды. Жастар тұрғындармен «Үйден-үйге» жүйесі бойынша кездесулер ұйымдастырып, ақпараттық бюллетеньдермен буклеттер таратты.Өткізіліп отырған барлық шаралар мен акциялар этностар арасындағы достық, бірлік, этносаралық келісімді нығайтуға бағытталған. Облыстық ассамблея халықтардың қордаланып қалған мәселелерін шешу бағытында оларға көмек көрсетеді.Мысалы: Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелері « Бейбітшілік және келісім жол картасы» мега жобасы аясында күрді және дүнген халықтарының көп қоныстанған Талас, Қордай аудандарының Қасқабұлақ,Масаншы және Сарытөбе ауылдарында болды.Сапар қорытындысы бойынша жергілікті атқарушы органдармен облыстық ассамблея төрағасы, облыс әкімі К.Көкрекбаев,ассамблея мүшелерінің қатысуымен көптеген қордаланып қалған әлеуметтік мәселелердің шешімін тапты.Атап айтқанда ауыл мектебіне жөндеу жұмыстары автомобиль жолдарын жөндеу т,б. Әрбір адам мемлекеттің қамқорлығын сезінген жағдайда және заңды құқықтары қорғалғанда сол қоғамға шын пейілмен еңбек ететіні белгілі. Ассамблея жанындағы ғылыми-сараптамалық топ белсенді жұмыс атқаруда.Оның құрамына жоғарғы оқу орындарының ғалымдары, ассамблея ардагерлері кіреді.

Сонғы уақыттардың өзінде «Этномәдени өзара әрекеттесу-қазіргі заманғы өркениеттік және саяси қатынастарды үйлестірудің негізгі факторы», қазақ хандығының 550-жылдығына арналған « Қазақ мемлекетінің құрылуының этникалық жайы» , Ел басы Н.Назарбаевтың ҚХА-ның  «20 жыл «Бейбітшілік пен келісімді сақтауды этникалық жаңару мәселелері» тақырыбында ғылыми-практикалық конференция өткізілді.М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің Қаратау қаласындағы бөлімшесінің және этномәдени бірлестік өкілдерінің қатысуымен Талас ауданында «Тәуелсіз Қазақстан-бір халық» , «Ұлт жоспары 100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» тақырыбында онлайн конференциялары өтті.«Көп ұлтты ортада мәдени аралық диалогқа қолдау көрсетуде ҚХА-ның рөлін нығайту»,ғылыми-сараптамалық топтың кеңейтілген отырысында «Қазақстандық Көп этносты қалыптастырудағы тарихи кезеңдері» тақырыптарында семинар-тренингтер өткізілді. «Қазақстандық қоғамды шоғырландыруда ҚХА рөлі» тақырыбында тұсаукесер лекциясы өтті, бірнеше ондаған нұсқамалық материалдар дайындалды.Осы аталған іс-шараларға қатысушылар ҚХА мүшелері, этномәдени бірлестік өкілдерімен басшылары, ғылыми интелегенция, М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Тараз мемлекеттік педагогикалық институты,Тараз иновациялық гуманитарлық университетінің мұғалімдері, жас ғалымдар.Олар әлуметтік топтар арасында мемлекеттік ұлттық сәйкестікті дамытуда, өткенімізбен бүгінгі күнімізге мән бере отырып маңызды мәселелерді талқылайды.Осының барлығы қазіргі заманғы жастар арасында ұлттық сәйкестікті, Қазақстандық патриотизмді қалыптастыру мен нығайтуда үлкен рөл  атқарады.

Облыс ассамблеясы жанындағы ғылыми-сараптама топтың мүшесі Б.Алдашов, Т.В Журавлевпен бірлескен автор ретінде « ҚХА ның 20 жылдығына Алматы қаласы баспасынан « Көп ұлтты Қазақстандық қоғамда ұлтаралық және конфессия аралық келісім:тарих және қазіргі заман» тақырыбында кітап шығарды. «Гуонлен» дунген жастар орталығы дүген-қазақ және қазақ- дүнген аударма сөздерін шығарды. Аймақтық ассамблея аналар кеңесімен бірлесіп ауқымды жұмыстар атқаруда. Олар жоғарғы және арнаулы оқу орындары жастармен кездесу ұйымдастырып,  облыстың алыс аудандарына шығып отбасылық құндылықтарын насихаттау, үлкендерге құрмет көрсету, отанды сүю, Қазақстандық патриотизмді қалыптастыру бағытында ауқымды жұмыстар атқарды.Аналар кеңесі жыл сайынғы өтетін «Менің отбасымның дәстүрлері» байқауын, байқаулар, көрмелер т.б.өткізудің бастамашысы болды.Ассамблеяның, этномәдени бірлестіктердің атқарған жұмыстары БАҚ-да кеңінен жарияланды.ҚХА-ның 20 жылдығына орай ассамблеяның қалыптасуына оның құрылуына тікелей атсалысқан этномәдени бірлестік белсенділері, ардагерлері, атқарушы орган қызметкерлері, мекеме, ұйым басшылары «ҚХА 20 жыл» мерекелік медальмен және Жамбыл облысы әкімінің құрмет грамотасымен марапатталды.Аймақтық ассамблеяның жұмысы этносаралық келісімді нығайту бағытына арналған.Жеткен жетістіктерімізге шектелмей, әрі қарай жемісті еңбек ете беруіміз керек.Бізде бір мемлекет, бір келешек және бір тағдыр.Аймақтық ассамблея барлық этнос өкілдерін бір шаңырақ астында топтастырып, әрі қарай табысты жұмыстар атқара береді.

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15